Білім министрлігі Қазақстанда Мұғалімдер күнін 5 қазан күні мерекелеуді ұсынды

“Бүкіл әлем Мұғалімдер күнін 5 қазанда мерекелейді, Қазақстан қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтеді. Біз осындай ұсыныс енгіземіз, мұндай шешімді мен қабылдай алмаймын, мұндай шешім жоғары жақта қабылданады”, - деп Білім министрі Бақытжан Жұмағұлов Астанада бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

“Ұстаздарымыздың пікірін ескере отырып, Мұғалімдер күнін біз де атап өтсек болар еді. Бұл жақсы идея. Егер жоғарыдан қолдау тапса, біз де 5 қазанда атап өтеміз”, - дейді министр.
“Айтпақшы, Халықаралық мұғалімдер күні біздің ұсынысымызбен пайда болған”, - деді осы орайда оның ресейлік әріптесі Андрей Фурсенок аталмыш баспасөз мәслихатында.
“Бірақ біз бұл туралы ұмытып кеттік”, - деп Б.Жұмағұлов қалжың айтты.