Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс депутаты:
- Осы жерде есептеп көрдік. Егер министрлік бөлінген ақшаны дұрыс жоспарлағанда 22 миллиардқа 20 мектеп, 66 балабақша тұрғызуға болады екен. Сонда біз салынуы тиіс қаншама ғимаратты жоғалтып отырмыз.
Осылай деп күйінген депутаттың деректеріне қаржы полициясы қызығушылық танытса, Білім министрлігі үлкен жанжалдың ортасында қалуы мүмкін. Онсыз да ведомстваның бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметов бюджеттің 1 жарым млрд теңгесін қалтаға басты деп айыпталуда. Бірер күндікте тағы екі орынбасар лауазымынан айырылды. Жалпы қазынаның қаржысын пайдаға жарата алмай отырған жалғыз бұл министрлік емес. Биылдыққа мемлекеттік мекемелер 175 млрд теңгені игере алмаған.