Білім саласын жемқорлық жайлады, ал ұстаздар жұмысына қағазбастылық кедергі


Ол үшін партияның Алматы қаласындағы комитеті «Ашық байланыс телефонын» іске қосып, көпшіліктің пікірін біліпті. Шара барысында мыңнан астам студент, мектеп оқушылары мен ұстаздар хабарласып, шағымданған. Ал сауалнама нәтижесі бүгін көпке жария етілді. Оқушылар мен мұғалімдердің Білім министрлігіне деген базыналары жиналып қалыпты. Ұстаздардың жеткіліксіздігі, білім беру сапасының төмендігі, жатақхана тапшылығы мен оқу орындарын жаппай жайлаған жемқорлық жұрттың жанына әбден батқан. Ал ұстаздар қағазбастылық қажытқанын айтады. Осы сынды бірқатар мәселелерді талқыға салған қатысушылар білім беретін мекемелерді тексеруге 2 жылға дейін мораторий жариялауды ұсынды.