Білім сапасы жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 9 орынға көтерілді


"Дүниежүзілік экономикалық форумда ұсынылған Адами капиталды дамыту индексі жөніндегі баяндамада 2015 жылы Қазақстан 37-ші орынға шықты, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8 орынға жоғары", делінген бейсенбіде Қазақстан білім мен ғылым министрлігінен таралған хабарламада.
Қазақстан білім берудің мынадай көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізген: жастардың сауаттылық деңгейі (33 орын), бастауыш біліммен қамту (15), халықтың мектеп білімі бар үлесі (10), мектептен кеткендер үлесі (6).
Қазақстан Португалия (38), Грекия (40), Испания (41), Чили (45), Мексика (58), Түркия (68), Малайзия (52) сияқты елдерден алда.