«Біз «мүмкіндігі шектеулі балалар» терминін «арнайы қажеттіліктері бар балалар» деп ауыструды ұсындық. Бұл жалпы әлемдік тәжірибеде бар нәрсе», - деді министр жұма күнгі тамыз кеңесінде.
Оның айтуынша, «бүгінгі таңда елімізде 35 мыңнан астам адам немесе арнайы қажеттіліктері бар балалардың 25 пайызына жағдай жасалған».
Министрдің пікірінше, «бұл жеткіліксіз, сондықтан осы бағытта белсенді қимыл жасауымыз керек».
«Инклюзивті білім беру саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару жоспарланып отыр. Арнайы қажеттіліктері бар балалардың 50 пайызын инклюзивті біліммен қамту көзделген», - деді ол.