Білім және ғылым министрлігі шенеуніктеріне қатысты тағы 2 қылмыстық іс қозғалды

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының қаржы полициясы департаменті Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Шымкент қалаларына балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бөлінген 59 млн. теңгені ұрлау фактісі бойынша  ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Осылайша, аталған қылмыстар салдарынан ҚР Білім және ғылым министрлігіне келтірілген шығындардың жалпы көлемі шамамен 76 млн. теңгені құрап отыр.


Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, нәтижелеріне қоғам назарына ұсынылатын болады.