Президент жарлығымен Білім жəне ғылым министрі қызметіне Ерлан Сағадиев тағайындалды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
"Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы ҚР Білім жəне ғылым министрі қызметіне тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Ведомствоны 2013 жылдың қыркүйек айынан бері басқарып келген Аслан Сəрінжіпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды.