"Бұған өкілетті органдардың әрекет етпеуі де өз әсерін тигізіп отыр",- деп мәлім етті ол. Атап айтқанда, Атырау облысы прокуратурасының бұрын жүргізген тексеруі барысында "Тайбурыл Мұнай" ЖШС жұмыс істейтін 24 қытай маманының білімі жөніндегі заңдастырылмаған дипломын анықтаған. Аталмыш дерек бойынша облыстық өкілетті органдарға заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілген болатын.
"Соған қарамастан, үстіміздегі жылдың қаңтарында өкілетті орган осы дипломдардың негізінде, түпнұсқалығын куәландыратын құжаттарды талап етпестен жоғарыда көрсетілген 24 маманның 14-не рұқсат беру мерзімін 2008 жылдың тамызына дейін созған",- деп атап өтті С. Нұрпейісов. "Өкілетті органдардың жұмыс берушілер жол берген заң бұзушылықтарды жоюға қатысты тиісті шараларды қабылдамауы және заңсыз тартылған шетел азаматтарының тізімін бекітуі Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңының 12-бабының 4-ші және 1-ші тармақтарында қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын заң бұзушылық болып табылады",- деп түсіндіріп өтті Бас прокуратураның ресми өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті