Бұл іс-шара Қазақстанның дарынды жастарын қолдаудағы маңызды оқиғаға айналды.
Салтанатты рәсімде еліміздің әр өңірінен келген 40 үздік студентке атаулы шәкіртақы табысталды. Рәсімде елдің әр өңірінен келген 40 үздік студентке атаулы стипендиялар табысталды. Стипендиаттар оқу, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және қоғамдық қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, қатаң іріктеуден өтті. олардың ішінде академиялық үлгерімі жоғары, зерттеу және мәдени өмірге белсене қатысқан, республикалық және халықаралық байқауларда жеңіске жеткен жастар бар.
Салтанатты іс-шараға студенттер, ата-аналар, ұстаздар мен тәлімгерлер, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері және Қордың серіктестері қатысты. Қонақтардың арасында Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының цифрлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы Ермек Тоқтаров та болды. «Жастар – еліміздің басты құндылығы. Қордың стипендиаттары көшбасшылық қабілетін, талантын және еңбекқорлығын дәлелдеп отыр. Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және алда үлкен табыс күтетініне сенімдіміз!» - деді ол өз сөзінде.
Іс-шараның ерекше атмосферасын Қазақ ұлттық консерваториясы студенттерінің музыкалық қойылымдары толықтырып, шабытқа толы мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қордың атаулы стипендиясы – бұл жетістікті мойындаумен қатар, жаңа белестерге ынталандыру. Оқу жылы бойы жеңімпаздарға ай сайын 40 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.
- Қордың стипендиясына ие болу – мен үшін үлкен мәртебе. Әр студент үшін оның еңбегі мен талпынысын бағалағаны маңызды. Бұл марапат маған күш-жігерімнің мойындалуы ғана емес, әрі қарай одан да үлкен құлшыныспен жұмыс істеуге шабыт берді. Ол маған өз алдыма биік мақсаттар қоюға, дамуға және еліміздің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Қорға осы мүмкіндігі мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамын! – деп Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, жаңа стипендиат Тұрсын Машенов әсерін бөлісті.
2010 жылы стипендия бағдарламасы құрылғаннан бері Қазақстанның түкпір-түкпірінен 999 студент оның иегері атанды. Биыл 224 студент қатысып, олардың тек 40-ы осы жоғары марапатқа ие болды.
- Стипендия байқауының жеңімпазы болғанымды білген кезде ризашылық пен жауапкершілікті сезіндім. Бұл тек қаржылай қолдау емес – бұл сенім, арманым мен болашақ жетістіктеріме салынған инвестиция. Бұл шәкіртақы маған еңбек пен табандылықтың бағаланатынын көрсететін және алға жылжуға шабыт береді. Енді мен осы сенімді ақтап қана қоймай, басқаларды да өздеріне сенуге және үлкен мақсаттарға ұмтылуға шабыттандырғым келеді, – деді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Мария Чмир.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры талантты жастарды қолдауды жалғастырып, оларды өздеріне ғана емес, бүкіл елге пайда әкелетін жетістіктерге жетуіне шабыт беріп келеді.