Билингвизм Қазақстанның маңызды интеллектуалдық игілігі болып табылады - Ертісбаев

"Билингвизм Қазақстанның маңызды интеллектуалдық игілігі болып табылады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, нарықтық және саяси модернизация тұрғысынан ТМД аясындағы көшбасшы елдердің біріне айналуында билингвизм үлкен роль атқарды. Қазақстанда 130 ұлыстың өкілі болуын біз әрқашан байлығымызға баладық", - деді Е. Ертісбаев.

Министрдің ақпаратына сәйкес, республикада қазақ тілінде 463 газет, орыс тілінде 874 газет шығарылады. "Жалпы алғанда, орыс тілі басымдыққа ие, өйткені, ол әлемдік алты тілдің бірі, Қазақстандағы жоғары билік орыс тілінің ықпалын азайтуға ешқандай мақсат қойып отырған жоқ. Оған ешқашан жол берілмейді", -деді министр.