Билл Гейтс 21-рет ең бай америкалықтардың рейтингін басқарды

400 ең бай америкалықтардың жаңа рейтингі Forbes журналының сайтында жарияланған.

2014 жылдың 29 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Гейтстің байлығы - 81,2 млрд. долларға тең. Тек наурызда ғана Forbes ұсынған мәліметтерге сәйкес бұл көрсеткіш 76 млрд. долларды құраған еді. Жаңа рейтинг бойынша Гейтс мексикалық Карлос Слимді (наурызда оның байлығы 72 млрд долларға тең болды) басып озып, төрт жылдық үзілістен кейін өз тұғырына қайта жайғасты.

Американың 400 «шіріген байы» тізімінде екінші орынға 67,8 млрд. доллар дәулетімен 84 жастағы Уоррен Баффет орналасты. Рейтинг көшбасшыларының алғашқы үштігін Oracle брендінің негізін қалаушы Ларри Эллисон бекітті. Forbes-тың нұсқауынша, оның байлығы 48,1 млрд. доллар шамасында.