Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Әнші жеке өміріне араласып, бас қатыратын оқырмандарына мынадай өлең жолдарын арнады:
"Өмір де өмір,өмір-ай,
Қазағым-жаным, менің-ай!
Жалғанды сезбей мұңайтқан,
Пейілі тар пенде көңіл-ай...
Сүріну маңдай жазуы,
Өмірдің осы өрінде-ай.
Білмейсің тағдыр жазуын,
Жүрсең де бақыт төрінде-ай...
Айыптау жанды оңай-ақ,
Кешпесең оның күйін-ай.
Алдыңнан нелер күтеді,
Білмейсің тәңір сыйын-ай.
Ешкімге артар өкпем жоқ,
Жүрмін мен бақыт нұрында-ай.
Үш ұлым тірек қорғаным,
Ал анам менің күнім,ай.
Әнім бар әлем тербеткен,
Халқым бар сүйген үнімді-ай.
Өкінішсіз менде өмір,
Қояйықшы оу ағайын!
Мен жайлы өсекті шынында-ай"