"Білмеймін, Мереке салып жіберіпті" - Арсен Акиев әйелімен не себепті ажыраспақ болғанын айтып берді

Бұл туралы ол "Ревю" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Халыққа шығып кеткен ұрыс болды. Отбасы болғаннан кейін ондай кризистер болып тұрады. Негізі өзара шешетінбіз. Бұл жолы Мереке білмеймін, салып жіберіпті ғой. Кінә екі жақтан болады. "Сен былай жасамайсың, сен бүйтпейсің" деген сияқты. Мен оның алдындағы кінәмді мойындадым, ол да менің алдымдағы кінәмді мойындады. Бірақ мен кешірім сұрадым. Бір рет солай "прогрев" жасаған едік. Осы жолы да хайп үшін деп адамдар ойлап қалған сияқты. Ол кезде оны мен ойлап тапқан едім. Шынымен болады екен, ондаймен ойнауға болмайды екен", - деді әзілкеш.