Бильярдтан Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған халықаралық турнир өтеді


Бұл жарыстың басты мақсаты бильярд спорты бойынша алыс-жақын шет елдердің арасындағы байланысты дамыту, нығайту және тастаяқ ойынын насихаттау. Оны ҚР Спорт және туризм министрлігінің Спорт комитеті, Астана қаласының әкімдігі, "Пириада" бойынша халықаралық және азиялық комитеттер мен ҚР Бильярд спорты федерациясы ұйымдастырып отыр. Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыс олимпиада жүйесі бойынша өтеді. Онда Қазақстан намысын - Қаныбек Сағындықов, Әлібек Омаров, Ернар Шымбаев, Эмиль Мударисов пен Әуез Елубаев қорғайды. Ал қонақтардан бұл мәртебеге ресейліктерден - Павел Меховов, Евгений Сталев, Юрий Пащинский, Никита Ливада, Андрей Фрейзе, украиналықтардан - Александр Паламарь, Ярослав Винокур, Ярослав Тарновецкий, және Қырғызстаннан - Қаныбек Сағынбаев, Беларустан - Евгений Курта мен Молдовадан - Виджай Дрангой ие болып отыр.