Биолог-ғалымдар мен студенттер Баянауыл ұлттық табиғи саябағында бірлескен экспедиция жасады

деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

Студенттермен бірге ғылыми экспедицияда Кембридж университетінің докторы Филипп Жил де Мендонса, Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері, Шығыс-Сібір білім академиясының (Иркутск) оқытушылары мен студенттері болды.

Экспедиция мүшелері Баянауылда жануарлар мен құстарды бақылап, ландшафт пен өсімдіктерді зерттеді - ресейлік студенттер салыстырмалы талдау жүргізді. Ағылшын ғалымы экто және энодопаразиттерді зерттеу үшін ұсақ сүтқоректілерге зерттеу жүргізді.

«Бірлескен жұмыс тараптарды жаңа білім қорымен байыта түсті», - дейді биология ғылымдарының кандидаты Наталья Шевелева (Иркутск).