«Бипэк-Авто» 2015 жылы сатылым деңгейін сақтап қалмақ


«Біз сатылым жағынан биыл да былтырғы деңгейді сақтап қалуды жоспарлап отырмыз», - дейді компанияның бас директоры Игорь Потапов.
2014 жылы компания 83 мың 979 дана көлік сатты.
Қазақстандағы жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік нарығының 53,2 пайызы осы холдингтің еншісінде.
Сатып алушылардың 30,3 пайызы Lada көліктерін таңдаған. Әсіресе, Lada Priora (15 мың 382 дана) көлігіне сұраныс жоғары.
Өткен жылы 17 мың 709 Kia көлігі, 11 мың 763 Chevrolet, 5573 Skoda, 7980 Renault сатылды.