Наурыз айында депутат Жарқынбек Амантайұлы киберқауіпсіздік мақсатында SIM-картаны есепсіз сатуды шектеу керек деген еді. Бұл туралы министрлік не дейді? Caravan.kz медиа порталв тарқатады.
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы «Біз SIM-карта санын шектеуді емес, оны идентификациялауды ұсынып отырмыз», деп жауап берген еді.
Алты ай өткенде, бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке және заңды тұлғалар үшін SIM-карталар сатылымын шектеуді ұсынды. Бұл ұсынысты Мажилис отырысында цифрландыру вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді.
Қазір елдегі 20 201 849 адамда 25,6 млн нөмір бар.
Алаяқтар әлеуметтік желілер мен WhatsApp секілді мессенджерлерді пайдаланып, азаматтарды алдап соғуда. Вице-министр нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтару және азаматтарға мобильді нөмірлерді электрондық үкімет порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы алу мүмкіндігін ұсынуды жоспарлап отырғанын айтты.
Шектеулер жеке тұлғаларға белгілі бір мөлшерде ғана SIM-карта иеленуге мүмкіндік беріп, ал заңды тұлғалар әр SIM-картаны коммерциялық мақсатта пайдалану қажеттілігін дәлелдеуі тиіс.
"Менің түсінбегенім, идентификация неге мәселені шешпеді? Жалпы өзі жүргізілді ме? Бар SIM-карталарды кері қайтару, жою қалай жүзеге асады? Бір қолға бір SIM жалпы мәселені шеше ме?", - деп жазды Ербол Азанбек.
Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанда кибершабуылдар саны едәуір өсті. Еліміз әлемде кибершабуылдар бойынша жетінші орында тұр. Жылдың алғашқы жартысында шамамен 3 мың кибершабуыл тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 71,2%-ға артты. Олардың арасында вирус жұқтыру, фишинг, интернет ресурстарына рұқсатсыз кіру және басқа да шабуылдар кеңінен тараған.
Интернет-алаяқтық фактілерінің де айтарлықтай өскені байқалады. 2023 жылы Қазақстанда 21,8 мың интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп. Алаяқтардан елге 7,1 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді.
Бұл жағдайлар еліміздегі киберқауіпсіздік жүйесін нығайтудың маңыздылығын көрсетіп отыр, соның ішінде жеке мәліметтерді қорғау шараларын күшейту қажеттілігі де айқындалды.