Бір ай бұрын жоғалған 19 жасар бойжеткенді еріктілер де іздеп жатыр


Аида Валиеваны полицейлерден бөлек ерікті азаматтар әлеуметтік желі арқылы іздеп жатыр. Оның суреті Instagram желісіндегі rozysk_kz тобына жүктелген.

Еріктілер қыздың туыстары мен ата-анасы осынша уақыт полицияның көмегіне жүгінгенімен әлі күнге ешқандай ақпарат жоқ деп отыр.

“Азаматтар, мен ос қыздың анасымен бір жерде жұмыс істеймін. Анасының уайымнан қан жұтып отырғанын көргенде жаның ауырады. Оның қызының тағдыры белгісіз. Іздестіруге барлықтарыңыздың атсалысуларыңызды сұраймын, өйткені, біздің құқық қорғаушылар әрекетсіз отыр. Бір айдан астам уақыт өтсе де ешқандай мәлімет берген жоқ. Ешқандай белгі жоқ, қыз ұшты-күйлі ғайып болғандай. сіздердің көмектеріңіз болсын, барынша осы сурет пен хабарландыруды таратсаңыздар”, – делінген әлеуметтік желіде.