"Бір ай уақыт беруді сұраймын" - Тамара Дүйсенова министрлікке оралуы туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова министрлікке оралуы туралы айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер Дүйсеноваға бірнеше сұрақ қойды.

"Халықты бір сұрақ мазалайды: Тамара демалды ма? Өйткені Назарбаев сізді осылай деп отставкаға жіберген еді", - деп сұрады БАҚ өкілдері.

"Мен барлық уақытта жұмыс істедім. (...) Бір ай уақыт беруді сұраймын, содан кейін сіздерге шығып, барлық сұраққа жауап беруге дайынмын", - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.


11 сәуірде Тамара Дүйсенова қайтадан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған болатын.