Бір әйел алып тоқтап қалу, мұсылманшылықтан емес. Хайуанның да көп ұрғашысы бар - уағызшы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

- Бір әйел алып тоқтап қалу мұсылманшылықтан емес. Тіпті хайуанның дакөп ұрғашысы бар. Христиандар ғана бір еркек бір әйелді алып тоқтап қалады. Басқа діндерде олай емес. Көп әйел алуға ешкімнің рұқсаты керек емес. Оны Алланың өзі рұқсат беріп қойған. Құранда қалағандарыңша алыңдар деп, 4 әйел алуға рұқсат екендігі айтылған, - дейді уағызшы кезекті уағыздарының бірінде.