Бұл туралы ол Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Әлеуметтік желіні қарасам бір ақынымыз 20 мың теңге үшін жылап отыр. Намыстанғаным ай. Адам өзінің құқығын білмесе, өзінің құнын біліп өзі жазып берген сөзінің құнын айтса болады ғой. “Жігіттер, менің де бала-шағам бар. Мен де асыраушымын, еңбек ақымды беріңдер” десе болады. Намысыма тигені тепсе темір үзетін жігіт. 20 мың теңге үшін жылап отыр. Жағдайың болмай жатса әріптестеріңе айт. Әріптестері бермейді емес, береді. Бізде чат бар. Біреудің басына іс түсе ме, жинала қаламыз. Ер азаматтың болмашы 20 мың теңге үшін көзіне жас ағызып отырғаны төмен әңгіме деп ойлаймын”, - деді Ақбота Керімбекова.