Бір әскери бөлімнің командирінің орынбасары 1,5 млн теңгені иемденіп алғаны үшін ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, командирдің орынбасары 2005-жылдың мамыр айы мен 2006-жылдың желтоқсан айы аралығында аталмыш бөлім командирінің қаржылық және экономикалық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушының карточкадағы есепшотына аударылған 1 млн 658 мың теңгені иемденіп алған. Полициядағылар бөлім қызметкерлері бұл қитұрқылықты сыбайласа жасаған деп пайымдайды.

Қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті