Краснояр өлкесінің (Ресей - ред.) Рудяное деген шағын ауылында тұратын Лера Горбунова тоғызыншы сыныптан кейін мектептің жалғыз оқушысына айналды. Сөйтіп, білім ошағын бір өзі бітіріп шықты, деп жазады "Комсомольская правда" газеті.
- 10-шы сыныпта 1 қыркүйектен сабаққа жалғыз бара бастадым. Сыныптастарымның бәрі жан-жаққа тарап кетті. Біреу техникумға, біреу училищеге түсті. Басында жалғыз қалғаным біртүрлі болып көрінді. Ал бұрын он адам едік, - дейді Лера.
Осылайша сабақта да, үзілісте де тып-тыныш ахуал орнаған. Шулайтын, бұзықтық жасайтын ешкім жоқ. Бірақ Лераның іші пысқан жоқ. Оған сабақ жеке беріледі. 15 пән мен 13 мұғалім бар. Ал 11-сыныптағы Лера 10-сыныптағылармен достасып алған.
- Онда сегіз бала болды. Жасымыз қатарлас қой. Бір-бірімізді жақсы танимыз. Шағын ғана ауылымызда 600 ғана адам бар, - дейді мектеп түлегі.
Әрине, ол үшін түлектердің үлкен кеші болған жоқ. Яғни Лера мектеп бітіргенін ата-анасы және ұстаздарымен бірге қарапайым түрде атап өтті.