Шымкент қаласында Құрманай Бақтиярқызының ән кеші болып, Мақпал Жүнісова құрметті қонағы болды, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі.
"Қазіргі еркектерге жақсы болды ғой 4-5 әйел ала береді. Біз байғұс бір байға жарымай жүрміз.
Зәкеңнің жүгі ауыр ғой. Біреуге қарайын десем, Зәкең "әй, қайда бара жатсың" деп айтады екен деп "бісміллә, бісміллә" деп. "Жақсы сау болыңыздар" деп тұрасың.
Шынымен де уақыт өтіп кетті ғой. Бәрі өз уақытымен, өз орнымен, деп әнші жасы 60 тан асқанда халыққа ғана махаббаты күшті екенін айтып ағынан жарылды.
- Қазір тек қыздардың әнін айтатын болдым. Немесе қатыны бар байлардың әнін айтам. Бойдақтардың күнін айтсам, "ғашықпын" деп үйіне кіріп алады деп қорқам. Бір күндік, он күндік ғашықтықтан сақта деп тілеймін", деді әнші Мақпал Жүнісова.