Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Abay live" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды
Бағдарлама барысында балалардың қанша долларға сатылғаны, қайда сатылғаны төңірегінде өрбіді.
- Балалар 4-5 мың долларға сатылып кетті деп айтты...
- 4-5 мың доллар ақша емес қой. 50 мың долларға сатылып кеткен. Сол кездегі 90 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында. Тараздан әр отбасы 50 мың доллардан беріп, балаларды алып кеткен.
Заңсыздықтар өте көп болған. Баланы ауру деп жазуы мүмкін, сыбайлас болуы мүмкін. Бірақ, құжатты жаксылап толтырып жібереді.
Адамның миына сыймайтын жағдайлар болған. Шынын айтқанда, өзің шошып кетесің ондай дүниеден. Біздің құлдырап кеткенімізді осы бағдарлама арқылы білдім. Шетелдіктер негізі заңды сақтайды. Бірақ, біздің адамдарға ақша керек болған, бала сатуда. Жетім балалар қайдан шықты. Жетім балалар болмаса, мұндай жағдай болмас еді. Қарапайым адамнан бастап, бәріне өзіміз кінәліміз.
Баланы елді деп шетелге берiп жiберген немесе балаң өлді деп басқа жаққа берiп жiберген, - деді Жанар Байсемізова.
Жанар Байсемізова өзі жасап отырған бағдарламада көп шындыққа көз жеткізіп жатқанын тебірене жеткізді.
Loading...