Бүгінде жеңіл рельсті көліктің кімдердің ерен еңбегінің арқасында пайдалануға берілгені анықталып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Желіде LRT құрылысында 10 жыл бойы техникалық директор қызметін атқарып, былтыр күзде қайтыс болған маманның қызының жазбасы тарады.
"Менің әкем Арықбаев Айтқазы мұнда техникалық директор болып 10 жыл қызмет етті. Ол LRT үшін жанын беріп жұмыс істеді, ол үшін денсаулығы мен жүйкесін де аямады. Тіпті Қытайға вагондарды таңдау үшін, өзі барып келді.
Әкем қарашада қайтыс болды, өкінішке орай LRT-ның ашылуын көре алмады. Кезінде бұл жобаны бәрі сынаған еді, қазір оның елордамыздың болашағы үшін бірегей жоба екеніне көз жеткізіп отырмыз. Бар-жоғы 10 минут, сол кезде қала ортасында боласың.
Сенімен мақтанамын әкешім!", - деп жазған ол.
Сонымен бірге ол әкесінің туған күні 24-ші мамыр екенін, оның құрметіне орай LRT бекеттерінің бірін оның аты-жөнімен атауды ұсынған.
Аталған пікір желіде қызу талқыға түскен. Желі қолданушылардың бірі оны қолдаса, енді бірі теріс пікірлерін жаудырған.