Ол бұрынғы күйеуінің балаларға мүлдем қарайласпайтынын ашық айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы Фариза Бекібай өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Алиментті алу қиынның қиыны, бірде көл, бірде шөл. Төрт ай алмадық, салғанша сұрамаймыз да. Қалғаны өзімнің мойнымда, емі, дәрісі, сабақка киімі, қыстық-жаздық киімін алып бермейді, сұрамаймыз да.
Балам 1000 теңге сұраса да жоқ дейді. Намыстанып сұрама деп ұрысамын! Кейде тығылып сұрайды телефоннан каспиден көріп қоямын! Өзіме еріп келген бала сияқты екеуі де, жетім бала сияқты!
Хотя соның мойнында ғой асырау, киіндіру. 1000 теңге мен 1 ручка әпергенін бәрінен жақсы деп есептеймін мен.
Тусалдарда өзі керім болып, киніп жүргеніне алиментпен балалардың киім кешек немесе емінің дәрі, тамақ алып берсе ғой шіркін!
Балаларды 1 де 1 рет алып қыдыртпаған, үлкенді осы жазда ғана алып кетті! Күніміз соған қарамасын. Алла әділ, сенемін, сұраймын, Алла әділ", - деп жазды ол.