Caravan Logo

Бір күнде коронавирустен 27 адам қайтыс болды

Бір күнде коронавирустен 27 адам қайтыс болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Филиппин билігі бейсенбі күні коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 533 адам тіркеліп, 27 науқас асқынудан қайтыс болғанын хабарлады.

Ел астанасы Маниланың өзінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1,226 оқиға тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде ауруды жұқтырғандар саны 37 962 науқасқа өсті. Вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 60 916 адамға жеткен.


Жалпы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандардың саны - 3 818 480.