Бір күнде үш бірдей ірі жол апаты болып 11 адам көз жұмды


Сондай-ақ, Байзақ ауданында шағын автобустың тізгініне ие бола алмаған азамат, жол жиегінде бұзылып тұрған «Газ-53» жүк көлігін соққан. Үш адам сол жерде қайтыс болса, 5 жолаушы ауруханаға түскен. Ақмола облысындағы қайғылы жағдай да жұрттың жағасын ұстатты. Екі «Мерседес» бетпе-бет соқтығысып, 5 адам бақилық болған. Жеңіл көліктің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен көрінеді. Соққының қатты болғаны сонша, темір тұлпардың бірі ортасынан бөлініп қалған.