Бұл туралы ол Adal Adam Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазір тоқал алғандардың дәуірі жүріп тұр. Бұл жігіттер тоқал аламын деп ұрпақтың психологиясын бұзып, ұрпаққа, ұлтқа қиянат жасап жатқандарын түсінбейді де. Ертең қызғаншақ, сорлы халық болатынымызда шаруалары жоқ. Бір мүшесінің рахаты үшін ұрпаққа қиянат жасап жатқанын біле ме екен?! Совет үкіметі кезінде бір келіншекпен жүріп қойғаныңды біреу біліп қойса, сені партиядан, жұмыстан шығарып, қаралап қуып жіберетін. "Сен отбасыңа, жұмыс жасап жүрген ұжымыңа кір келтірдің, басыңды алып жүре алмадың. Сен тәннің жетегінде кетіп қалдың, сендей адам мына жерде жұмыс істей алмайды, сендей адам дұрыс ақыл бере алмайды" деп қуғынға ұшырататын. Ал қазір сол заңды біз қолға алмайынша ештеңе тоқтамайды. Сондықтан да бүгінгі күні біздің үкімет, депутаттар тоқалы бар ма, басқасы бар ма ол заңды алған ба, алмаған ба табыңыздар да оларды қуып жіберу керек. Бұлардың барлығы ұрпаққа қиянат жасап отыр", - деді Жеңіс Ысқақова.