"Бір немере болса, қандай қиындық болса де мен жабысып қалатын едім": Гүлзира Айдарбекова экс келіні туралы шындықты жайып салды

Бұл туралы ол Мақпал Қаратай You Tube жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Балам ажырасқанда қатты қиналдым. Өйткені, менің енелік тәрбием дұрыс болмағаннан кейін келінім кетіп қалған сияқты болды. "Гүлекеңнің келіні кетіп қалыпты" деген сөздің өзі маған ауыр болды. Бірақ, олай да мүмкін емес. Себебі, ол - баламның өмірлік жары. Одан сен қаншама ұрпақ сүйесің. Оның іздеген әлемі басқа болды. Бізідң әлемге болмайтынын өзі де, балам да түсінгеннен кейін жәй ғана бөлінгенін қаладық. Олар әлі жас, артында жылап қалған ұрпағы жоқ. Ол жерде бір немере болса, қандай қиындық болса де мен жабысып қалатын едім, қандай қиындық болса да шыдайтын едім. Ол да, Заңғар да өз бақытын тауып қалар. Екеуі бір-бірінің адамы емес екен деген тұжырымға келіп, соған көндіктім", - дейді  Гүлзира Айдарбекова. 

Продюсер қыздар қауымына болашақ жарының отбасын толық зерттеуге кеңес берді.

"Мысалы, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деп жатады. Бұл сөзді әртүрлі мағынады, тіпті келінге де айтуға болады. Өйткені, сенің үлкен әулетіңе сырттан қыз аласың. Ол сенің үйіңдегі тәрбиеге бағынғысы келмейді. Себебі, оның үйінің тәрбиесі басқа. Кейде ол егер үйіндегі тәрбиесін іздейтін болса, біздің отбасында не істеп жүр? Сол жерде қала бермеді ма? деп те ойлайсың. Негізі келін болған қыз мен осы жерде көндігемін, осы жерден ұрпақ сүйемін, сүйікті жар, келін боламын деп келу керек. Менің қыздарға да айтатын өсиетім осы.  Келін болдың ба, сол үйдің тарихын, мінез-құлқын, ата-анасын біліп ал. Сосын барып жігітке сөзіңді бер", - дейді ол.