Бір отбасының үш мүшесін қағып кеткен жүргізуші 5 жылға сотталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылғы 7 сәуірде сағат 14:00 шамасында Атбасар ауданы Борисовка ауылы маңындағы "Атбасар-Көкшетау" бағытындағы автожолдың 177 шақырымында ресейлік нөмірлі "Богдан 2110" маркалы автокөлік жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шықты. Нәтижесінде үш көлік соқтығып, оқиға орнында бір отбасының үш мүшесі: "Volkswagen Passat" көлігінің жүргізушісі және екі жолаушы алған жарақаттардан қайтыс болды, деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

"Gaz
330252-0244
" автокөлігінің жолаушысы жарақат алған. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Атбасар аудандық сотының үкімімен "Богдан 2110" маркалы автокөлік жүргізушісі ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп қосты Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.