Бір Өзбекстан тұрғыны Қазақстанның екі азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

2005-жылдың 1-қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы бір фермада шаруа қожалығының қожайыны мен 25-30 жастағы белгісіз еркектің мәйіті табылған.

Тәртіп сақшылары қаза тапқан кәсіпкердің шаруашылығында соңғы кездері 17 жастағы Өзбекстан азаматы бақташы болып істегенін анықтады. Полиция қызметкерлері ол тұратын Сурхандария облысының Жарқорған ауданындағы әріптестерімен байланысқа шықты. Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның қызметкерлері көршілес республикаға шығу үшін қызмет бабындағы іссапар құжаттарын рәсімдеуде.