Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазіргі жастардың психологиясы тым нәзік. Ал не болды, ал? Бір қатынның кесірінен төрт адам бірдей опат болды! Одан да ажырасып кеткені дұрыс еді ғой. Балалардың не жазығы бар десей?!", - деп жазды Тоқтар Жақаш.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде "Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында әкесі үш баласын асып өлтіріп, соңында өзі асылып өлген" деген мәлімет тараған болатын.
Осыған қатысты Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті ресми ақпараты да желіде тарап, "11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздіктерінен асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түскен болатын.