Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қайрат Құдайбергеннің инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қайраттың жазған өлеңінің бірінші шумағы.Күніне өлеңнің бір шумағын жариялайтын боламыз.Ал сіздер,құрметті оқырман әрбір сөзді саралап,жауап табуға көмектесіңіздер.Ойыңыз қалай? Пікір қалдырып келесі шумақты күтіңіз!", - делінген жазбада.
Және өлең шумақтарын жариялаған.
"Бір шындық бар айтылмаған қаңтардағы,
Сол шындықты ешкім іздеп таптырмады.
Әділдікті ту етеміз деген билік,
Неге менің шындығымды жақтырмады?" , - деген.
Желі қолданушылары қолдап, "Аман есен отбасыңа оралуыңа тілектеспіз" деп жылы сөздерін жазуда.
Айта өтейік, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген 22 сәуірде қаңтар оқиғасына қатысты ұсталды. Құдайберген тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген.