"Бір сынақ деп қабылдадым": Бауыржан Исламхан отбасымен бірге жол апатына түскен

Бұл туралы футболшының жары Еркежан Талғатбекова Instagram-дағы stories-де бөлісті деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"15-нен 16-на қараған түні бүкіл отбасымызбен жол апатына түстік. Бәріміз тірі қалдық. Отбасымызға көз тиді ме, сөз тиді ме білмеймін. Дегенмен бір өлім аузынан тірі қалдық. Бұны да бір сынақ деп қабылдадым", - деді футболшының жары.