Бір тәулік ішінде Қазақстан шекарашылары Каспий айдынында 100-ден астам браконьерді ұстады

Браконьерлердің жолына тосқауыл қойып, Каспий теңізі айдынының биоресурстарын қорғау мақсатында "Батыс"аймақтық басқармасының жүргізіп жатқан шекара операциясы барысында тек өткен түнде шекара ережесін бұзған 109 браконьер ұсталды",-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қолға түскендерден 2 тонна бекіре және шабақ тұқымдас балық, 32 қайық , төрт жер серігі навигациялық және байланыс жабдығы, 17 мың метрлік ау , төрт карабин және жүзден астам оқ тәркіленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті