Полицейлердің күші бұл күні із-түзсіз жоғалғандарды анықтауға бағытталды.
Бірінші күннің нәтижесі бойынша полицейлер өткен жылдан және ағымдағы жылдың басында жоғалған деп саналған 10 адамды тапты. Олардың ішінде 3-уі кәмелет жасқа толмаған.
«Осылайша, Іле АІІБ қызметкерлері үйінен қашып, соңғы 8 ай бойы ОҚО-да жігітімен бірге тұрған 24 жастағы қызды тапты. Қапшағай полицейлері 2015 жылдың 27 сәуірінен бері іздеуде жүрген 15 жастағы қызды ата-анасына қайтарды», - деп атап өтті облыстық полициядан.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 5 адамды ұстады. Мәселен, Қырғызстанда 2013 жылы ақпанда Алматы облысы Іле ауданындағы топтық қарақшылық шабуылға қатысты деп күдіктелген 25 жастағы ер адам ұсталды.