Бір тәулікте елімізде екі жол апатынан бес адам опат болды

Мәселен, Алматы облысының Алакөл ауданында Үшарал-Қамысқала тас жолының 45-шақырымында "ВАЗ-21063" автокөлігінің аударылуы салдарынан апат орнында екі жолаушы мерт болды. "Жигулидің" жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында Ембі-Шалқар тас жолының 6-шы шақырымында "ВАЗ-2106" автокөлігі "КамАЗбен" соқтығысып қалды. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушы мерт болды.