Денсаулық сақтау министрлігі 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығушылар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-кн сілтеме жасап.
Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бір тәулік ішінде 26 адам коронавирустан, тағы үш адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.
1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 26122 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр, (24 802: КВИ + және 1 320: КВИ -), оның 7 738-і стационарда, ал 18 384 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ + және КВИ- науқастар арасында:
- ауыр жағдайда - 488;
- өте ауыр хәлде - 103;
- жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 68 науқас.