Түнгі 4. Қала шырт ұйқыда. Тек қонақ үйлер кірпік қақпай пайда табуда. Өзбек, қырғыз, тәжік дейсіз бе – тән саудасын қыздырып жатқандар арасында көрші елден келген мигранттар жетіп артылады.
- Түсір түсір! Е, мені не үшін түсіресің? Көрсетеміз телевизордан. Е, мені түсірме на…
Тек ұяттан өртенген қыз жоқ. Тыржалаңаш төсек үстінде тайрандап жүр. Тәтті ұйқысынан оятып алғанға қабақтары қатулы. Әйтеуір есін жиды ма, бір уақытта камераны байқап, бірден ауыл жақты еске алды.
- Аға, не надо меня снимать, у меня семья большая, мама старая у нее инфаркт будет.
Қыз саудасы қызған қонақүй иелері ұшты-күйлі жоғалған. Олардың 4 елден жезөкшелерді қалай жиып әкелгені белгісіз. Бір ғана қонақ үй емес, моншалардан да түнгі көбелектер табылды.
Ержан Алтаев, Алматы қалалық көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары:
- Олар қай уақытта келді, қашаннан бері жүргенін оны біз құжаттары болмай, анықтай алмаймыз. Бұларды тексеру барысында өздерінде ешқандай құжат болмады.
- Кто? Открой! Что здесь делаете, девушка?
- Ну он заплатил. Приехал. Вы что здесь делаете? Заплатил, вот девушку снял.
Тек Алматыда ғана емес, Көкшетаудағы қонақ үйлерде де көбелектер құжынаған. Ешбірінің құжаты жоқ. Көбі, Ресейден заңсыз шекара асып келгендер.
- Я лично с 2008-го года.
- Другую работу не искали? Вам нравится или вы по какой то другой причине...
- В наше время с другой работой обычной детей не покормишь, не оденешь.
Тәнін табыс көзіне айналдырған келімсектермұнда бір емес, бірнеше жылдар бойы көне кәсіпті дөңгелетіп жүріпті. Кейбірі, тіпті, көбейіп, осында өніп- өскен.
- Я в положении, не надо меня фотографировать мужчина!
Жеңіл жүрістілерді, тіпті, жүктілігі де тоқтатпапты. Қыздар бөлімшеге жеткізілгенімен, таңсәріде-ақ жөніне жіберіледі. Өйткені, елде жезөкшелерді жөнге салар заң әлі жоқ. Сорақысы сол, төсектің үстінде мектепті жаңа бітірген жеткіншектер де табыс тауып жүр. Ондайлардың бұл түні полицейлер 24-ін анықтады.