Бір топ қарулы адам Мали астанасында Radisson қонақ үйіне шабуыл жасады

Расталмаған мәліметтерге қарағанда, қонақ үйде 170 тұтқын бар. Атыс жүріп жатыр, үш адам құрбан болған болуы мүмкін, деп хабарлады РБК БАҚ-қа сілтеме жасап.    

Қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйінде  автоматтан оқ ата бастаған. Бұл туралы Reuters және Agence France-Presse агенттіктері куәгерлер мен қауіпсіздік қызметіндегі жоғары лауазымды адамдарға сілтеме жасап мәлім еткен.