Олар Аяз атаға тиіспей, Ақшақарға ұмтылады. Оның басындағы паригін шешіп алып, қоқан лоқы көрсетеді. Себебі Ақшақар киімін киген қыз емес, жігіт болып шыққан. Жігіттердің ашуын туғызғаны да осы болса керек. Жігіттер «Ақшақар жігітті» аяғымен теуіп, бірді-екілі ұрып жіберіп, киімін шешкізді. Ал, Аяз ата болып киінген адам ақшақарды арашаламай, артына бұрылып та қарамастан кете барды.