Бір түнде теміржол торабын салған қытайлықтар тағы да әлемді таңғалдырды

Қытайлық қызметкерлер атқарған бүкіл жұмыс процесінің видеосы Daily Mail-да жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қаңтардың 19-нан 20-сына қараған түні 1500 жұмысшы, 7 пойыз және 23 экскаватор Қытайдағы ең үлкен Ганьлун, Ганьжуйлун және Джанлун теміржол желісін жаңа Наньлун желісімен байланыстырды. Олар тек қана жол салмай, сонымен қатар бағдаршам мен қозғалысты бақылау құралдарын орнатты.

«Tiesiju Civil Engineering» тобының жетекшісінің орынбасары Джань Даосун жобаның қысқа мерзімде орындалу себебін түсіндіре кетті. Оның айтуынша, қызметкерлер бір мезгілде әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін жеті бригадаға бөлінген.

 


Оқи отырыңыз:

“Қызымның жан дауысы шықты”. Түркістанда болған оқиға жұрттың үрейін ұшырды

Бекшин: Той өткізерде мейрамхана сәніне емес, асханасына назар аудару керек