Бір жарым жасар бала улы жыланды тістеп өлтірді


Бұл оқиға Риу-Гранди-ду-Сул штатының Мостардас қаласында орын алған. Лоренцо есімді бала үйінің қасында ойнап жүргенде, уы адам өміріне өте қауіпті жарарака жыланы пайда болады. Бала рептилияны қалай тістеп тастағаны белгісіз.

Оқиғадан кейін Лоренцо бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның ағзасына жылан уының түспегенін айтып, баланың ата-анасын оның еш зардап шекпегенін және өзін жақсы сезініп отырғанына сендірді, деп жазады РИА Новости.