Бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын - Н. Назарбаев

«Біз бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманға қол жеткізгенімізді мақтан ете білуіміз керек. Ұлтымыздың ұлы тарихының жаңа тарауы қуатты да табысты тәуелсіз мемлекеттің шежіресі болып жазылуда. Айтатын сөз біреу-ақ: елдің бірлігі - қазақтың бірлігі», - деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы осы жылдары Қазақстан халқы ерлік пен бірліктің үлгісін көрсеткенін атап өтті.

«Соның арқасында осындай табыстарға жеттік. Тәуелсіздіктің қиыншылықпен келіп, оны ұстап қалу оңай емес екенін халқымыз білді. Осыны түсініп отырған, бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын, бақыт тілеймін!», - деп түйді Президент.