Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол Qazaq. Airan жобасында айтып берді.
"Бес жылда 74% инфляция, халықтың табысының өсімі 10-ақ пайыз. Мынадай айырмашылық және ол ресми статискамен есептелгендегі көрсеткіш. Ал, тәуелсіз сарапшылардың есебінше, өмірде бір жылдағы инфляция 30-40 пайызды құрайды. Бұл бір жылдық инфляция. Демек ойлаңыз, 5 жылда не болды?
Бұл халықтың төлем қабылеттілігін нашарлап жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ бизнестің өзінің тұтунышуларын жоғалтып жатқаннан көрінеді. Өйткені ол бұрынғыдай өнімдерін сата алмай отыр. Бұрын халық оны оп-оңай сатып алатын, қазір олай емес, себебі төлем қабылеттілігі жоқ. Сондықтан біздегі ЖІӨ-нің өсімі ол таза әдемі сандармен жасалған дүние", - деді экономист.