"Бір-бірін көргісі келмейді". Головкин мен Альварес реваншқа дейін баспасөз-конференциясынан бас тартты

Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Boxingnews24.com-ға сілтеме жасап. 

Промоутердің айтуынша, боксшылар тіпті жекпе-жектің соңғы аптасына дейін кездеспеу туралы шешім қабылдаған, себебі олар бір-бірін көргісі келмейді екен. Боксшылар ешқандай да жарнамалық акциялар да жүргізбейтін болып шешті.

Осылайша, басылымның мәліметінше, Головкин мен Альварес НВО арнасының бағдарламаларына қатыспайды.

Еске сала кетейік, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке белгіленген.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте Орта Азиядағы ең үлкен су қалашығы ашылды

Жұлдызнама — 18-24 маусым

Қазақстанда үй сату мен сатып алу жиілей бастады