Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Блогерлер Жанабыловтардың ісіне күмәнданып жүр едім. Жақында ғана Мөлдір Сүйінішәлі туралы жаңалықты көргенде, ақыры ненің мазалағанын түсіндім. Ол коттедж қалашығын салу жобасын бастап, шамамен 4 миллиард теңге жинап, Forbes тізіміне енген еді. Ал бірнеше күн бұрын алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Екі оқиғаның ортақ тұсы біреу – оған қатысы бар адамдардың көрегенсіздігі.
Мысалы, әлгі құрылыс жобасын алайық. Елестетіп көріңізші: 26 жасыңда құрылысқа 4 миллиард теңге тартатындай ақыл, табандылығыі бар делік. Осындай жағдайда ең тиімді жол - құрылысты аяқтау.
Сонда сенің қолыңда дайын жоба болар еді. Ал Қазақстандағы кез келген құрылыс компаниясы алғашқы жобасынан басталған. Клиенттерің болар еді. Банктер мен серіктестерге көрсете алатын табыс тарихың қалыптасар еді. Осындай нәтижемен келесі жобаны 4 миллиардқа емес, 40 миллиардқа дейін жеткізуге болар еді. Бірақ жоқ, оның орнына түрлі схемалар, ақшаны сыртқа шығару секілді түсініксіз әрекеттер басталады.
Енді Жанабыловтарға келейік. Екеуінің жиынтық аудиториясы бірнеше миллион жазылушыдан тұрады. Мұндай жағдайда ақылды адам не істер еді? Әрине, жарнамадан табыс табар еді.
Менің өзімнің Instagram-да жүз мың да оқырманым жоқ, бірақ соның өзінде жарнамадан әжептәуір табыс табамын. Оның үстіне бұл менің негізгі қызметім де емес. Жақсы жарнамалық өнім жасау керек, дұрыс аудитория тарту керек, ірі клиенттермен ұзақмерзімді байланыс қалыптастыру керек. Бірнеше брендтің тұрақты амбассадорына айналу керек.
Жоқ, оның орнына қисынсыз ұтыс ойынын ұйымдастырып, соның кесірінен жазаға тартылып жатыр. Оның үстіне бүкіл елге масқара болу керек. Осы екі мысалға қарап, қазір немен айналысамын деп ойланып жүрген жастарға бір ғана қарапайым нәрсе айтқым келеді.
Асықпаңыздар. Бірден ақшаға, виллаға, «Лексусқа» ұмтылмаңыздар. Қолдарыңыздағы кез келген мүмкіндікті – сырт келбетіңізді, танымалдығыңызды, таныстарыңызды – бірден ақшаға айналдыруға тырыспаңыздар. Одан тапқандарыңыз үш тиын ғана болуы мүмкін.
Ұзақ мерзімге жұмыс істеңіздер. Сабыр сақтаңыздар. Беделдеріңізге инвестиция салыңыздар. Сонда ұтарыңыз әлдеқайда үлкен болады. Біреуден заңсыз алынған «Лексустан» әлдеқайда қомақтырақ", - деп жазды ол.