Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықтың кәсібін жүргізуге бизнес бағдарламалар жасап жүрген Аманжол Рысмендиев халық түгілі, мемлекетке қарыз болып қалған. Оның қарыздары жайлы бағдарлама төмендегідей ақпаратты айтты.
Рысмендиев мемлекеттік бюджетке 1 485 639,66 теңге қарыз (бір миллион төрт жүз сексен бес мың алты жүз отыз тоғыз). Ол осы қарыздарының кесірінен шетелге шыға алмайды. Оған тыйым салынған.
Астаналық кәсіпкер Аманжол Керімқұлов:
-Ол мотиватор. Бизнес жағын дамыта алмайды, білмейді. Адамды тек қайрайды. Мен ол өте көп сома төледім. 13 миллионнан ақшам кетті.
Компаниямды жоғары деңгейге жеткіземін деп ойладым. Менен 10 миллион төле деп шарт қойды. 2 миллионым болған, 8 миллионды қарызға алдым. Келісім шарт бұзылса, сенің тарапыңнан болса, ақшаң күйеді. Мен өз сабағымды бір жыл бойы өткіземін деген болатын. Бірақ, сөзінде тұрмады, деп налыды кәсіпкер.
Ақтаулық кәсіпкер Құралай Ақжігітова Аманжол Рысмендиевке 30 миллион (отыз миллион) теңге қарыз берген.
- 10 миллионды кәсібімді дамыту үшін білім алуға төледім. Ал, 20 миллионды бірге кәсіп бастау үшін берген болатынмын. Қытайдан екеуара келісіп, тауар әкелетін болғанбыз. Несие алдым, үйімді саттым. Бас-аяғы 30 миллионға толықтырып, өткізген болатынмын. Осы күнге дейін тек 8 миллионымды қайтарды. 22 миллион теңге қарызымды қайтарса деймін.
Үмітім де үзілді. Бірақ, қол хатпен заі жүзінде алатын шығармын, деді.
2021 жылы жазылған «Қол хат» жазып берген. 2022 жылы қайтарып беретін болған.
Заңгер Жантөре Зәуірбекұлы:
-Алаяқтық бабымен жауапқа тартылады. Қол хаттың көмегі бар.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-шы бабына сай алаяқтық болып табылады. Өйткені, бөтеннің сенімін теріс пиғылды мақсатпен мүлкін иемденіп отыр.
Санжар Тұрсынметов психотерапевт:
-Доверия, рапорт деген сол. Қазір мына екінің бірі психолог-коуч. Мысалы айтайын, көп жағдайда ажырасу кезінде әйелдер психологқа барады. Психолог екі-ақ апта қосымша сабақ үйретеді. Бір қарасаң, аяқ астынан психолог болып кетіп жатыр, деді.
«Проблеманы шешу үшін – айнаға емес, айналаға қарау керек», деді бағдарлама жүргізушісі.
Руслан Өтепбай:
-Барлығымыз бірге барып, поиция департаментіне арыз жазамыз. Заңгер Жантөре мырза көмектеседі. Арыз төңірегінде тергеушілер істі қарайды. Одан кейін, істі сотқа жолдаймыз. Осылай іс шешіледі.
Бағдарламаға шақырылған Аманжол Рысмендиев келмеген. Шақыртуға жауап бермеген.
Заңгер Жантөре Зәуірбекұлы істі өз қолына алды.
Толығырақ: